Бұл туралы «Mehribonlik.uz» ақпаратына орай, бүгінде 67 тәрбиеленуші отбасылық жағдайда кәмелетке толған болса, олардың 12-і астанадағы отбасылық балалар үйінде тәрбиеленуде, 6 бала ата-анасына немесе жақын туыстарына қайтарылды.
«Бұл балалар ата-анасының бірінен айырылған немесе толықтай айырылған балалар, Ұлттық гвардия мен серіктес министрліктердің іс-әрекеттерімен олардың туыстары табылып, отбасыларына қайтарылды», - дейілген хабарламада.
Сондай-ақ, 50-ден астам ұл-қыз қамқорлыққа алынды. Балалар 18 жасқа толып, кәмелетке толған соң мекемеден кеткен. Нәтижесінде № 21 Мейірбандық үйінде 27 тәрбиеленуші ғана қалды. Сондықтан балалардың барлығы Ташкентте орналасқан № 22 Қайырымдылық үйіне ауыстырылған соң №21 Мейірбандық үйі өз қызметін тоқтатты.
Анықтама үшін: ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Мейірбандық үйлеріндегі 1500-ге жуық ұл-қыз отбасына алынған, 116 жанұялық үй құрылып, 700-ге жуық бала ата-анасының тәрбиесінде өсуіне жағдай жасалған. Соның салдарынан 10 Мейірбандық үйі, 4 Балалар қалашығы және 2 Балалар үйі жабылды. Өткен жылы 757 бала баспаналы болса, 2022 жылдың соңына дейін тағы 350 балаға осындай жағдай жасау жоспарлануда.