Облыс әкімінің орынбасары «Балалар қалашығының» тәрбиеленушілерінен 6 баланы өз қамқорлығына алды

    Сырдария облысы Гүлстан қаласындағы «Дустлик» махалласында жасайтын Лазизбек Ахмедов және оның жұбайы Райхонахон екеуі «Жаңа Өзбекстан балалары» атты отбасылық балалар үйінің негізін қалады.

    Олар Гүлстан қаласындағы «Балалар қалашығынан» 4 ұл, 2 қызды асырап алған.

    Махалланың үлгілі отбасына айналасындағылар әуеспен қарайды. Олардың үш ұл, бір қызы бар, ұлдары мектепте, қызы мектепке дейінгі мекемеде тәлім-тәрбие алуда.

    Отағасы Лазизбек Гүлстан қалалық әкiмінiң жастар саясаты, әлеуметтiк даму және рухани-ағарту істері бойынша орынбасары, зайыбы Райханахан банк қызметкерi. Тәрбиеге алған балаларға үйінде барлық жағдай жасалған.

    Мәлімет ретінде айтар болсақ, бүгінге дейін облыстың Мырзаабад ауданында біреу, Гүлстан қаласында үш жанұялық балалар үйі ашылған, деп хабарлайды Сырдария облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates