Ташкенттің 3 ауданында уақытша электр жарығы сөндіріледі

    Жөндеу жұмыстарына байланысты Ташкенттің Юнусабад, Яшнабад, Яккасарой аудандарында электр қуатын беру уақытша тоқтатылады.

    Бұл туралы «Ташкент қалалық электр желілері» жауапкершілігі шектеулі қоғамның ақпараттық қызметі хабарлады.

    Тұтынушыларды сапалы және тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету және электр желілеріндегі апатты жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ қолданыстағы электр құрылғыларына жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2 август күні төмендегі мекенжайларда электр қуатын беру уақытша сөндіріледі:

    Юнусабад ауданы: сағат 24:00-ден 12:00-ге дейін «Посира», «Абад», «Оқтепа», «Шоштепа», «Юртабад», «Мехнатабад», «Беғубор» және «Бободеқхан» МАЖ-ның кейбір аумақтарында;

    Яшнабад ауданы: сағат 09:30-дан 17:00-ге дейін «Боғбон» МАЖ кейбір аумақтарында;

    Яккасарай ауданы: бүгін сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін «Конституция» МАЖ-нің кейбір аумақтарында.

    Өз кезегінде, жоғарыда аталған аумақтардағы жөндеу жұмыстары белгіленген уақыттан ерте аяқталуы мүмкін.

    «Ташкент қалалық электр желілері» жауапкершілігі шектеулі қоғамның осы жөндеу жұмыстарына байланысты электр қуатын берудегі уақытша үзілістерге байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін осы аудандарда тұратын тұтынушылардан кешірім сұраймыз — деген хабарламада.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates