АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйде БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беру барысында бұл туралы мәлімдеді, деп хабарлады report.az.

«Әзірге біз мұны жақын арада бастаймыз деген болжам бар. Енді біз мұны олармен бірлесіп жүзеге асыруға келістік», – деп нақтылады ол.

Трамптың айтуынша, Вашингтонмен талқыланып жатқан келісім аясында Тегеран тек ядролық қару жасаудан ғана емес, оны сатып алудан да бас тартуға келіскен.

 «Олар бұған келісті. Басқаша айтқанда, егер олар келісімге қол қойса, ядролық қаруға немесе ядролық бомбаға ие болмау, оны өндірмеу немесе сатып алмау жөнінде міндеттеме алады», – деп атап өтті Ақ үй басшысы.