Бұл туралы Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

Инвестиция көлемі шамамен 300 миллиард доллар деп бағалануда. Жобаға үндістандық серіктестер, сонымен қатар  ең ірі жеке энергетикалық компания Reliance те тартылады. Жаңа мұнай өңдеу зауыты АҚШ нарығын қамтамасыз етуге және мұнай өнімдерін экспорттауға бағытталуы тиіс.

— «Америка шынайы энергетикалық үстемдікке қайта оралуда», — деді АҚШ Президенті.

Зауыттың іске қосылуы АҚШ-та энергия өндірісін арттыруы, мыңдаған жұмыс орындарын ашуы және Оңтүстік Техас өңіріне үлкен экономикалық пайда әкелуі қажет.

 «Браунсвилл портындағы жаңа мұнай өңдеу зауыты АҚШ нарықтарын қамтамасыз етеді, ұлттық қауіпсіздігімізді күшейтеді, Америкадағы энергия өндірісін арттырады, миллиардтаған доллар экономикалық пайда әкеледі және әлемдегі ең таза мұнай өңдеу зауытына айналады», — деді Трамп.

Мұнай бағасы G7 елдерінің (Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция, Жапония және АҚШ-тан тұратын халықаралық клуб) мұнай қорларын шығаруға дайын екендігіне байланысты төмендеп жатыр.

Бұған дейін Сауд Арабиясындағы ең ірі мұнай өңдеу зауытындағы жұмыстар дрон шабуылы салдарынан тоқтатылған еді.

Кувейт те Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты мұнай өндіру көлемін азайтты.

Бахрейннің мемлекеттік Bapco Energies мұнай-газ компаниясы 9 наурыз күні өңірдегі жағдайға байланысты форс-мажор жағдайын жариялады, деп хабарлады oz.inform.kz.