"Куба жылдар бойы Венесуэладан үлкен көлемдегі мұнай мен ақшаның есебінен күн көріп келген. Енді Кубаға мұнай да, ақша да келмейді - нөл! Мен оларды кеш болмай тұрып келісімге келуге шақырамын", - деп жазды ол Truth әлеуметтік желісінде.
Сондай-ақ, Трамп Венесуэла енді Кубаның қауіпсіздік қызметтеріне мұқтаж емес екенін, өйткені оны қазір «әлемдегі ең қуатты АҚШ әскері» қорғайтынын айтты, деп хабарлайды ria.ru.