Бұл бастама елдің Экспорт-импорт банкі арқылы 10 миллиард доллар қаржымен қамтамасыз етіледі.

АҚШ Президенті Дональд Трамп маңызды минералдардың қорын құру туралы жариялады. «Бүгін біз Америка бизнесі мен жұмысшылары ешқашан ресурс тапшылығынан зардап шекпеуін қамтамасыз ету үшін Project Vault деп аталатын жобаны іске қосамыз», – деді ол 2 ақпан, дүйсенбі күні кешке Ақ үйде өткен шарада.

Трамптың айтуынша, жоба негізінен автомобиль өндірушілер мен технологиялық компаниялар үшін минералдарды сатып алу және сақтау мақсатында АҚШ-тың Экспорт-импорт банкінен 10 миллиард долларлық несиемен 1,67 миллиард долларлық жекеменшік капиталды бірлестіреді. Мемлекет басшысы бұл қор бұрын ұлттық қорғаныс қажеттіліктері үшін құрылғандай, сол қағида негізінде жасалатынын атап өтіп, бұл идеяны «керемет» деп атады.

Сонымен қатар, АҚШ ішкі істер министрі Дуглас Бергам маңызды минералдар сауда клубына «қосымша 11 мемлекет» қосылатыны осы аптада жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters. Трамп әкімшілігінің аты-жөні жарияланбаған өкілінің агенттікке берген мәліметіне сәйкес, Hartree Partners, Traxys North America және Mercuria Energy Group сауда компаниялары қор үшін шикізат сатып алуды басқарады. Бұл қадам бизнестің Қытайдың сирек кездесетін жер элементтеріне тәуелділігін айтарлықтай азайтады деп күтілуде, деп хабарлады dw.com.