Транспорт министріне сенатор сауал жіберді

    Көлік 23 Yanvar 2024 469

    Еліміздегі қала инфрақұрылымының ең өзекті мәселелерінің бірі, әрине, қоғамдық көлік жүйесіндегі кейбір проблемалар мен кемшіліктер болып табылады.

    Олар әсіресе, еліміздің ірі қалаларында ерекше байқалады.

    Атап айтқанда, жоғары сапалы әрі қолайлы жолаушыларды тасымалдау қызметіне болған сұранысты толық қанағаттандыру, салаға базар қағидаттарды енгізу, қоғамдық көлікті қаржыландыру жүйесі мен тариф саясатын жетілдіру мәселелері әлі де күн тәртібінен түспей тұр.

    Сенаттың Ақпарат саясаты және мемлекеттік органдардағы ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері комитеті төрағасының орынбасары Ф. Боқиев Өзбекстан Республикасы Транспорт министріне тұрғындарға көліктік қызмет көрсетудің жай-күйіне қатысты сенаторлық сауал жолдады.

    Сенатор сауалында, халық санының тұрақты өсуіне байланысты қоғамдық көлікке деген сұраныстың артқаны, бірақ кейбір қоғамдық көліктерде қызмет көрсету сапасының нашар күйінде қалып отырғаны, әсіресе қоғамдық көліктер жеткіліксіз және қозғалыс кестесінің сақталмауы, бұл проблеманы одан әрі ушықтырады.

    Сондай-ақ жолаушылар автобус аялдамаларында қоғамдық көлікті ұзақ күтіп қалуы және діттеген жеріне дер кезінде жете алмауы олардың күнделікті жұмысына әсер еткені, әсіресе, қарттардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдық көліктегі жағдайға көңілі толмайтынын, кейбір жүргізушілердің мәміле мәдениетінің жоқтығы және олар жол қозғалысы ережелерін сақтамайтыны, бұл әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, жауапты ұйымдарға өтініштердің саны көбейгені айтылған.

    Сауалнамада кейбір көліктердің тозғаны және техникалық жай-күйі талапқа сай келмейтіні, қозғалыс кезінде апаттардың ықтималдығын арттыратыны, сонымен бірге қоршаған ортаның ластануы артып, көлік кептелісі жыл сайын өзекті мәселеге айналып отырғанына тоқталған.

    Сонымен қатар, мүгедектердің автокөлікке отыруы үшін арнайы құрылғылар орнатуға көңіл бөлінбеуі, қалааралық қоғамдық көліктер мен аялдамаларды қайта құру сияқты мәселелер көрсетілген.

    Осыны негізге ала отырып, тұрғындардың жоғары сапалы әрі ыңғайлы жолаушыларды тасымадауы қызметіне сұранысын толық қанағаттандыру, қоғамдық көлік кәсіпорындарының қызметін қаржыландыру істері және салаға цифрлық технологияларды енгізу, жолаушылар тасымалымен айналыспайтын кәсіпкерлерге мүмкіндіктер жасау тұрғындарға қоғамдық көлік қызметін көрсету, сапаны арттыру және өзекті мәселелерді шешуде Транспорт министрлігі тарапынан қабылданған шаралар туралы ақпарат сұралды.

    Сондай-ақ, сенатордың сауалында өңірлердегі қоғамдық көліктердің жүруіне жасалған жағдайлар, көліктердің техникалық жағдайы көрсетілген талаптарға сай болуы, бір күндік жолақы жоспарының жойылуы, қалааралық қоғамдық көліктердің жұмысын жақсарту, билеттердің сатылуы мен сала жариялығында өз шешімін күткен және сыбайлас жемқорлықты жою сияқты мәселелерде жүзеге асырылған істер туралы ақпарат беруін және салаға қатысты заңдылықты жетілдіруге тиісті ұсыныстарды беру сұралды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates