Көлік министрлігінің қызметкерлері заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана отырып, автомобиль көлігінде тасу саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтарға қатысты істерді тіркеу мен қараудың оңтайландырылған тәртібін енгізу мақсатында жаңа тәртіпке көшуде.
Бастапқы кезеңде автомобиль көлігінде тасымалдау саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарауды және тіркеуді электронды жүйесі бар планшеттер арқылы Ташкент қаласы мен Ташкент облысының транспорт басқармалары жүзеге асырады.
Планшеттерді пайдалана отырып, әкімшілік мәліметтерді тіркеу үдерісін іс жүзінде қолдануды ұйымдастыру мақсатында ІІМ Құқықтық статистика және жедел-есеп мәліметтер орталығының бөлім бастығы және жауапты қызметкерлерінің қатысуымен іс-шара өткізілді. Шарада планшеттер арқылы әкімшілік мәліметтерді тіркеу тәртібі туралы толық ақпарат берілді.
Шара соңында Ташкент қаласы мен Ташкент облысы транспорт басқармаларының инспекторларына бекітілген планшеттер табысталды, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.