Цитрус жемістері, кешью жаңғағы мен құрманың импорты артты

    Бұған қандай факторлар себеп болды?

    Осы сұраққа жауап табу үшін Макроэкономикалық және аймақтық зерттеулер институтының мамандары 2018-2022 жылдары цитрус жемістері (киви, мандарин, апельсин), кешью жаңғағы мен құрманың импортына талдау жасады.

    Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, 2022 жылы елімізге бұл жемістердің импорты 2018 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Бұған бірнеше факторлар себеп болған.

    Біріншіден, республикамыздың экономикасының тұрақты өсуі мен халық санының өсуі, атап айтқанда, 2018-2022 жылдары жалпы ішкі өнімнің орташа өсу қарқыны 5,3 пайызды, халық санының өсу қарқыны 1,9 пайызды құрады.

    Екіншіден, қолайлы макроэкономикалық жағдайлар. Жалпы ішкі өнімнің тұрғындардың жан басына шаққандағы үлесі 2018 жылғы 1604 доллардан 2022 жылы 2255 долларға дейін өсті. Бұл да 2018-2022 жылдары халықтың нақты жалпы табысының 32,1 пайызға артуына негіз болды.

    Үшіншіден, импорттық кедендік алымдарды нөлге дейін төмендету. Сонымен қатар, 2021 жылдың октябрь айынан бастап Өзбекстанда цитрус жемістерін әкелуге нөлдік кедендік мөлшерлеме тәртібі енгізіліп, бұл мерзім бірнеше рет ұзартылды. Қазіргі уақытта нөльге тең мөлшерлеме 2024 жылдың 1 январына дейін жалғасады.

    Төртіншіден, азық-түлік бөлшек саудасын дамыту. Маркетингтік зерттеулерге орай, 2015-2021 жылдары республиканың заманауи бөлшек сауда базары жылына орта есеппен 17%-ға өсті. Сауда көлемінің 58 пайыздан астамы бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының үлесіне дұрыс келеді. 2026 жылға қарай, Өзбекстан базарындағы заманауи бөлшек сауданың үлесі екі есеге жуық артуы мүмкін.

    2022 жылы цитрустық жемістер мен жаңғақтар импортының көлемі 2018 жылмен салыстырғанда төмендегіше артқан:

    Кешью жаңғағы - 8,2 есе;

    Құрма – 7,6 есе;

    Мандарин - 6,6 есе;

    Киви - 4,7 есе;

    Апельсин - 3,9 есе.

    Гарвард университетінің Жұртшылық денсаулық сақтау мектебінің зерттеуіне орай, цитрус жемістердің денсаулыққа пайдасы өте көп. Атап айтқанда, олардың құрамында С витамині, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары жүйесіне оң әсер ететін және созылмалы жүрек және қан тамырлары ауруларының дамуына жол бермейтін флавоноидтар үлкен мөлшерде бар.

    - Кешью жаңғағы мыс және магниге бай болып, сүйек беріктігін арттырады.

    Құрмаларда көп мөлшерде полифенолдар (антиоксиданттың бір түрі) бар, олар ағзаны кейбір ісік түрлерінен, сондай-ақ қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларынан қорғайды.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates