Туымыз – күш пен ерліктің белгісі

    Ел назарында 16 Noyabr 2021 1642

    Жер бетінде екі жүз елуге жуық мемлекет бар, әрине әр мемлекеттің өз рәміздері, өз туы бар. Әрбір тудың өз түстері мен рәмізі бар. Олармен қатар желбіреген туымыз ешкімнен кем емес, кем болмайтынын да көрсетіп тұр.

    Өзбекстан Республикасының «Мемлекеттік ту туралы» Заңының қабылданғанына 30 жыл толуы қарсаңында Мемлекеттік кеден комитетінің Кеден институтының бастамасымен Республикалық руханият және ағарту орталығы бірлесе отырып, «Муқаддасдир ватан байроғи» тақырыбында мәдени-ағарту іс-шарасы ұйымдастырылды.

    Шараға Республикалық руханият және ағарту орталығының басшысы Минхожиддин Хожиматов, Олий Мажлис Заң шығару палатасының Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Таваккал Чориев, Республикалық руханият және ағарту орталығының «Маърифат» насихаттаушылар қоғамының мүшесі Феруза Мухиддинова, Муқими атындағы Өзбекстан мемлекеттік музыкалық театрының директоры Александр Бекжанов қатысты.

    Шарада сөз сөйлегендер Ту ежелден әр ұлт үшін тәуелсіздіктің, азаттықтың, бейбітшілік пен тұрақтылықтың символы болғанын, ата-бабаларымыз туды киелі санап, оны көздің қарашығындай қастерлеп, күш-қуаттың, ерлік пен жеңістің нышаны екенін атап өтті.

    Шара барысында Мемлекеттік кеден комитетінің Кеден институтының қызметкерлері мен курсанттары Отанды мадақтайтын өлеңдерін орындады, сонымен қатар карабинерлер топтары өнер көрсетті.

    Муножат Мўминова,

    “Янги Ўзбекистон” тілшісі.