Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік туының қабылданғанына 33 жыл болды

    Бүгін, 18 ноябрь — Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік туының қабылданған күні. Осыдан 33 жыл бұрын, яғни 1991 жылы 18 ноябрьде «Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы» заң қабылданған.

    Аталмыш заңда Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік туы Өзбекстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің рәмізі екені және Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік туы халықаралық қатынастарда Өзбекстан Республикасының рәмзі екені белгілеп қойылған.

    Расында да, Өзбекстан Республикасының туы – Отанның символы. Оны көрген әрбір отандасымыздың жүрегінде мақтаныш, үміт пен сенім оянады.

    Әсіресе, елден бір қадам алыста жүрген азаматтарымыз Отанның туын көргенде жүректері еріксіз елжірейді. Артында асқар тау – еліміздің барын сезінеді.

    Тудағы түстер, бейнелердің өміршеңдігі, яғни ондағы тіршілік, тыныштық және жаңаруды көрсететін мән-мағына біріктірілгені үшін де ол жүрекке жақын.

    2023 жылы «Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заң қабылданғаны белгілі.

    Еліміздің әлемдік аренадағы беделі артып келе жатқаны, әсіресе мәдениет, спорт және ғылым-білім салаларында үлкен жеңістерге қол жеткізіліп, Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік туы дүние жүзінде биікке көтеріліп келе жатқанын ескере отырып, заңмен одан пайдалану мүмкіндігі одан әрі кеңейтілді.

    Заңда Мемлекеттік туды спорттық жарыстарда, бұқаралық дене шынықтыру және мәдени іс-шараларда, ресми халықаралық шараларда, отбасылық мерекелерде, еске алу саналарын тойлауда, қоғам және мемлекет қайраткерлерін, әскери қызметкерлерді жерлеу рәсімдерінде қолдануға мүмкіндік беретін және өзге де жағдайларда құрметті түрде пайдалану мүмкіндігін көздейтін нормалар енгізілді.

    Тудің суреті түсірілген белгілерден пайдалануда да халыққа кең мүмкіндіктер жасалды. Атап айтқанда, тудан қоғамдық орындарда, ғимараттарда және тағы басқа да нысандарда, тұрғылықты немесе жұмыс орындарында, көлік құралдарының салонында, ресми халықаралық іс-шараларда, әскери немесе өзге де мемлекеттік қызметтегі адамдардың киімдері мен бас киімдерінде және ерекшелік белгілерінде, халықаралық спорттық жарыстарға арналған спорттық киімдерде және Өзбекстан чемпионаттары үшін спорттық киімдерінде пайдалануы мүмкін.

    Сонымен қатар, туды және оның бейнесі бар белгілерді әдептілік пен ақылақтық ережелері және қоғамда жүріп-тұру ережелеріне қайшы түрде немесе оларды қорлайтын кез келген басқа жолмен пайдалануға жол берілмейтіні заңда да көрініс тапты.

    Заң мемлекеттік туды пайдалану мүмкіндігін кеңейтуге және халықтың, әсіресе, жастардың патриоттық сезімін арттыруға, ең бастысы, халқымыздың тумен қарым-қатынасын нығайтуға негіз болды.