Туризм және спорт министрлігі: ең көп жаяу жүрген азаматтарға ақша төлеу жалғасады

    Спорт 19 Sentabr 2021 1176

    Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі “Салауатты тұрмыс салты” платформасының қызметі тоқтағанына қатысты хабарлардың негізсіз екендігі бойынша осы мазмұнда ресми түрде жариялады.

    Туризм және спорт министрлігінің спорт бағытындағы сайтында lhls.uz мобильді қосымшасы пайдаланушыларға ақша төлеу УАҚЫТША тоқтатылғаны туралы хабар берілді, бірақ ақпарат қызметінің қызметкері мақалада негізсіз және расталмаған мәлімет бергені бойынша тұрғындар арасында түсініспеушілік пайда болған.

    Айту орынды, “Салауатты тұмыс салты” платформасы lhls.uz веб-парақшасы Өзбекстан Республикасы Президентінің “Салауатты тұрмыс салтын кеңінен насихаттау және бұқаралық спортты дамыту іс шаралары туралы” 6099- санды жарлығы және Министрлер Кабинетінің “Салауатты тұрмыс салты” платформасы қызметін ұйымдастыру іс-шаралары туралы” 253-санды қаулыға сәйкес жолға қойылған.

    Осы платформа бойынша үстіміздегі жылы 10 июньнен 13 сентябрьге дейін бір тәулік барысында он мың және одан да көп қадам жүрген 18 жастағы және жоғары үлкен Өзбекстан Республикасы азаматтарының платформадағы электронды әмиянына жалпы 9,4 миллиард сум қаржы төлеп берілді.

    Сонымен қатар, әр айда әрбір аудан (қала) бойынша ең көп жаяу жүрген азамат –300 мың сумнан, әрбір аумақ бойынша ең көп жаяу жүрген азамат –500 мың сум, республика бойынша ең көп жаяу жүрген азаматқа қосымша ретінде 1 миллион сум қаржы пайдаланушылардың электронды әмиянына өткізіп берілді.

    Үстіміздегі жылдың июнь-август айлары барысында жалпы 206,7 миллион сум қаржы пайдаланушылардың электроды әмиянына өткізілді.

    Қазіргі пандемия кезінде тұрғындар арасында салауатты тұрмыс салтын насихаттау және оған мойынсұну өте маңызды. Платформаға орай хабардың БАҚ және тұрғындар арасында соншалықты жедел таралуы оған қызығудың жоғары екенін және платформа жасау қаулысы қаншалықты дұрыс болғанын тағы бір рет растайды.

    Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметі бұл хабарды жеткізуде қателікке жол қойғаны үшін кешірім сұрады, “Салауатты тұрмыс салты” платформасының істейді жағастыратыны мәлімделді. БАҚ өкілдері мен тұрғындарды шалғытатын хабар берген қызметкерге тиісті ескерту берілгені айтылды.

    Сол орында БАҚ өкілдерінен әрбір хабарды жеткізуде, оған тақырып қоюда дұрыс жанасуды, тұрғындарды бұрыс мәліметтермен шалғытпауды сұрады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates