Түркі мемлекеттері ұйымының мемлекет басшылары Бішкекте бас қосады

    Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мемлекет басшыларының 11-саммиті 2024 жылдың 6 ноябрь күні Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында болып өтеді.

    Бұл туралы Түркі мемлекеттері ұйымының хатшылығы хабарлады.

    Қырғызстан Республикасының Президенті Садир Жапаров қонақкәделік жасайтын осы Саммитте Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Өзбекстан президенттері, сондай-ақ TМҰ бақылаушыларының мемлекеттік/үкіметтік басшылары және TМҰ-ның Бас хатшысы қатысады.

    «Түркі әлемін нығайту: Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және барша үшін қауіпсіздік» ұранымен өтетін Саммитте басшылар экономика, сауда цифрлық трансформация, транспорт және қауіпсіздік салаларындағы TМҰ жобаларына қатысты негізгі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды, келісімдерге қол қояды және ресми құжаттарды бекітеді.

    Сонымен қатар, күн тәртібінде аймақтағы және одан тыс саяси және экономикалық оқиғаларды талқылау, сондай-ақ мүше мемлекеттер мен бақылаушылар арасындағы түрлі салалардағы көпжақты ынтымақтастыққа назар аударады.

    Басшылар, Түркі әлемінің бірлігін және өркендеуін одан әрі нығайту үшін ортақ проблемаларға қарсы күресу және мүмкіндіктерден пайдалану туралы пікір алмасады. Саммит аяқталғаннан кейін уақытша төрағалық Қазақстаннан Қырғызстан Республикасына өтеді.

    Аяқталу салтанатында мемлекет басшылары Бішкек декларациясына және бірқатар маңызды қаулыларға қол қояды. Саммит басталмас бұрын ТМҰ-ның Сыртқы істер министрлері кеңесі Бішкекте бас қосып, күн тәртібіндегі мәселелер мен мемлекет басшылары тарапынан қол қоятын құжаттарды аяқтайды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates