Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев кездесу қорытындысына қысқаша тоқталып, өте маңызды шешімдер мен келісімдерге қол жеткізілгенін атап өтті.
Түркі елдері арасындағы достық пен әріптестіктің нығаюына Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Түркіменстан Ұлттық Кеңесі Халық Мәслехатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің қосқан үлесі ерекше екені айтылды. Осыған орай оларды Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен марапаттау туралы шешім қабылданды.
Режеп Тайып Ердоған мен Гурбангулы Бердімұхамедовке осынау марапаты Президент Шавкат Мирзияев табыс етті.
Әлішер Науаи атындағы халықаралық сыйлық Мемлекет басшысының бастамасымен Түркі мемлекеттері ұйымы аясында тағайындалған болатын. Оның алғашқы иесі түркі әлемінің бірлігіне қосқан үлесі үшін ұлы жазушы және қоғам қайраткері, ұлы гуманист Шыңғыс Айтматов болды.
Бұл сыйлық Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа тапсырылды.
Режеп Тайып Ердоған, Гурбангулы Бердімұхамедов және Садыр Жапаров марапат үшін ризашылықтарын білдіріп, Самарқанд саммиті өте табысты, халықтарымыз үшін өте тиімді әрі пайдалы болғанын атап өтті.