Өзбекстан мен Түркия ынтымақтастықты кеңейтеді

    Өнеркәсіп 20 Dekabr 2022 1037

    Үстіміздегі жылдың 19 декабрінде Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінде Түркияның Пайдалы қазбаларды зерттеу және барлау Директоратының (MTA) бас директорының орынбасары Наил Йылдырим және жоба басшысы Мустафа Токуғлимен кездесу өтті.

    Анықтама үшін: Түркияның Пайдалы қазбаларды зерттеу және барлау Директораты 1935 жылы геологиялық зерттеу ұйымы ретінде құрылған. Бас кеңсесі Анкарада орналасқан, ұйымның негізгі қызметі геологиялық барлау қызметтерін көрсету болып табылады. МТА Өзбекстанда 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

    Кездесуде МТА өкілдері Өзбекстанда шетелдік инвесторлардың қолайлы жұмыс істеуі үшін жасалған жағдайды жоғары бағалап, жаңа біріккен жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

    Пайдалы қазбаларды барлау саласындағы жаңа жобаларды іске асыруды ескере отырып, инвестициялық қатынастарды дамыту болашақтары талқыланды. Екі ел мамандарының ынтымақтастығын кеңейтуге, тәжірибе және технологиялармен алмасуға, олардың біліктілігін арттыруға мүмкіндіктер бар, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Кездесу соңында тараптар өзара қарым-қатынастың талқыланған бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамыту шаралары туралы келісті.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates