Түркиямен көпжақты ынтымақтастық байланыстарды нығайтуда белсенді парламентаралық қатынастардың маңызы зор

    2024 жылғы 1 майда Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Түркия Республикасының вице-президенті Жевдат Йылмаз бастаған делегациямен кездесті.

    Кездесуде Өзбекстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны, сонымен қатар соңғы жылдары екі ел басшыларының күшті саяси ерік-жігерінің арқасында бұл қарым-қатынастар жаңа деңгейге көтеріліп, стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгені тілге тиек етті.

    Жоғары дәрежедегі диалогтар тұрақты орын алуда. Соның нәтижесінде екі ел арасындағы бауырластық пен достық байланыстар, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, туризм, білім беру және әлеуметтік салалардағы ынтымақтастық одан әрі дамып келеді.

    Диалог барысында Туркия тарапы гендерлік теңдікті, әйел-қыздар кәсіпкерлігін қолдап-қуаттауды, реттелген еңбек миграциясын, отбасы істері және әлеуметтік қорғау салаларына көмектесуге, осы бойынша өзара тәжірибе алмасуға және нақты жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.

    Кездесуде парламентаралық ынтымақтастық байланыстарды аумақтық және халықаралық шеңберде нығайту, оны одан әрі жандандыру, парламентаралық топтар мен парламенттердің барлық комитеттері арасындағы сауда, экономика, инвестиция, инновациялар, банк-қаржы, туризм, мәдени-гуманитарлық және тағы басқа салалардағы тікелей диалогтарды белсенді түрде жалғастыру маңызды екніне тоқталды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Кездесу соңында тараптар екі елдің көп қырлы ынтымақтастығын тереңдету және кеңейту жолында өздерінің бар тәжірибелері мен күш-жігерін жұмылдыруға дайын екендіктерін білдірді.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates