2024 жылы 9 сентябрь күні Өзбекстанның құрметті консулдығы Түркияның Трабзон қаласында ресми түрде ашылды. Бұған дейін Бурса, Адана және Анталия облыстарында осындай өкілдіктер болған.
Өзбекстан Республикасының Стамбұл қаласындағы Бас консулдығының мәліметінше, құрметті консулдық Трабзон облыс әкімдігі ғимаратына қарама-қарсы орналасқан. Құрметті консулдық – бұл мемлекеттер арасындағы сауда, мәдени және дипломатиялық қатынастарды дамыту мақсатында ашылған өкілдік.