«D» тобының  ойындарымен жарыстың топтық басқышы аяқталады. Күн барысында  Саудия Арабиясы мен Жапония “ЖАР” стадионында, сондай-ақ, Қытай мен Қырғызстан құрама командалары “Локомотив” стадионында өзара есеп-қисап жасайды.

Ойындар Ташкент уақытымен  сағат 17:00-де басталады.

Бұл турдың алдында  күншығар елдің өкілдері 100 пайыздық нәтижемен 6 ұпай жинаған топтың көш басында тұр. Саудия Арабиясы мен Қытайдың есебінде 3 ұпайы бар, бірақ қытайлықтар өзара гол айырмашылығы бойынша 2-ші, ал саудиялықтар 3-ші орында. Бірде-бір ұпайы жоқ Қырғызстан соңғы орында.

Айта кетейік, алғашқы екі ойында Сирия (2:0) мен Иракты (1:0) ұтқан Өзбекстан  «А» тобындағы соңғы турда Индонезиямен голсыз тең түскен болатын. Осылайша біздің команда 7 ұпаймен келесі кезеңнің мәселесін сенімді шешті.