14 май күні Энергетика министрлігінде Өзбекстанның Энергетика министрі Ж.Мирзамахмудов, Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Ш. Хамраев, Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Й.Ақкенженов, Қазақстан Су шаруашылығы және ирригация министрі Н.Нұржігітов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Т.Ибраев және тағы басқа да тиісті басшыларының қатысуында кезектегі кездесу өтті.
Кездесуде мемлекеттер су-энеретика жүйесінің жазғы маусымда да тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, желілердің жұмыс режимдерінің графиктері келісілді.
Бұл шарада тараптар арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар, атап айтқанда, “Қамбарата ГЭС-1” құрылысы жобасының қазіргі жағдайы және су-энергетика теңгерімін үйлестіру мәселелері қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша тиісті мәлімдемеге қол қойылды, алдағы күндері болашақ іс-шараларды үйлестіру туралы келісімге қол қойылды.