Оманның саяхатшылық компаниялармен туризмді дамыту болашағы талқыланды

    Өзбекстанның Омандағы елшілігінде Қасиетті Рамазан айына орай еліміздің саяхатшылық әлеуетіне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

    Рухани-танымдық шараға Оманның жетекші саяхатшылық компанияларының өкілдері мен БАҚ қызметкерлері қатысты.

    Кездесу барысында Оман өкілдеріне Өзбекстандағы туризм саласын дамыту, жаңа инфрақұрылымдар мен қонақүйлердің салынуы, сондай-ақ саяхатшылықтың сұранысы көп бағыттарының ашылуы туралы ақпарат берілді.

    Шараға онлайн түрде қатысқан еліміздің «Mumtoz Tour», «Sac voyage», «Abda Travel» және «Rochet Uzbekistan» саяхатшылық компанияларының басшылары омандық серікетстермен өзара байланысты жолға қою және Өзбекстанға осы елден саяхатшылар ағымын көбейту болашағын талқылады, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates