Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2023 жылғы 8 августағы «Ұмра іс-шараларын ұйымдастыру және өткізуде зияратшылардың мүдделерін тиімді қорғау бойынша қосымша іс-шаралар туралы» қаулысына орай енді елімізде жергілікті туроператорлар «Ұмра» шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру мүмкіндіктерін жасауда.
- Қаулыға сәйкес, туристік қызметті жүзеге асыру лицензиясының шығу туризмі шағын түрінің «Ұмра» қызметтерін көрсету қызметі бойынша төмендегі қосымша лицензиялық талаптары мен шарттар енгізіледі:
— 100 мың АҚШ долларынан аз болмаған қаржыны Туризм комитенінің Қауіпсіз туризм қорына резервтік қаражат қою;
- - “Ұмра” қызметтері барысында зияратшылардың топ басшылары етіп Өзбекстан Мұсылмандары басқармасымен жасалған келісім-шарт негізінде оның діни білімі мен біліктілікке ие мамандарды тағайындау;
- «Ұмра» қызметін көрсететін туроператор штатында діни (исламдық) білім беру бағыттары бойынша республикалық білім мекемесі немесе Өзбекстан халықралық ислам академиясының тиісті бакалавриат білім бағыты немесе магистратура мамандығын бітіруші болған кемінде бір маманның болуы қажет;
- кәмелетке толмағандарға «Ұмра» қызметін көрсетпеу;
- Сауд Арабиясы Корольдігіндегі серіктес ұйым арасында жасалатын келісімшартқа сәйкес «Ұмра» қызметтерін жүзеге асыру.
2023 жылдың 1 октябрінен бастап «Ұмра» қызметін көрсететін туроператорлардың қызметіне рейтинг негізінде бағалау жүйесі енгізіледі. Бағалау жүйесі Туризм комитетінің арнайы сайтында жарияланады.
Қаулыда белгіленген қосымша лицензияның талаптары мен шарттары 2023 жылдың 1 ноябрінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрлер Кабинетінің 2023 жылғы 8 августағы 345-санды қаулысына сәйкес, “Ұмра” қызметтерін кәмелетке толмаған азаматтарға көрсетуге тыйым салынады.