Мұндағы мақсат – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, асқабақтан жоғары өнім алу, егіс алқаптарының шетінде, тұрғындардың ауласында асқабақ өсіру көзделген.
Бүгінгі таңда тұқымдар республика аймақтарындағы элиталық тұқым шаруашылықтарында егіліп, түрлі топырақ-климат жағдайында сыналып, көбейту жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Наманған облысындағы «Мыңбұлақ» элиталық тұқым шаруашылығына «Лагмани», «Ленинабадская», «Одесская», «Ош каду», «Атлас каду» және «Сурх каду» сұрыптары әкелінді. Негізгі мақсат – тұқым санын көбейтіп, алдағы уақытта агрокластерлерді, фермерлер мен жер иелерін арзан әрі сапалы асқабақ тұқымымен қамтамасыз ету. Дәл осындай жұмыстар Сұрхандария облысының элиталық тұқым шаруашылығында да жүргізілуде, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.