Президент «Жаңа Өзбекстан» массивтерінің құрылысы бойынша кеңес өткізді

    Билік 12 Mart 2024 2824

    Президент Шавкат Мирзиёев 12 наурыз күні биылғы жылы тұрғын-үйлер мен «Жаңа Өзбекстан» массивтерінің құрылысы бойынша кеңес өткізді.

    Халқымызға лайықты өмір сүру үшін барлық өңірлерде жаңа үйлер салынуда. Бсонымен қатар халықтың сатып алу қабілетін кеңейту үшін осыдан төрт жыл бұрын жаңа нарықтық ипотека жүйесі енгізілді. Оған сәйкес, өткен кезеңде барлық көздерден 100 триллион сум қаржы бөлінді. Соның арқасында өңірлерде 6 мың көпқабатты тұрғын үй салынып, 250 мың отбасы жаңа баспанаға ие болды. 45 мың күн көрісі төмен отбасына бастапқы жарна мен пайыздық төлемге 2,4 триллион сум субсидия берілді.

    Атап айтқанда, өткен жылы республика бойынша 85 мың үй немесе 2022 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп үй салынды. Халыққа 17 триллион сумға ипотекалық несие бөлінді.

    Халық санының өсуін ескере отырып, мұндай жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуда. Атап айтқанда, биылғы бағдарлама аясында 100 мың тұрғын үй салу жоспарлануда.

    Жиында осыған байланысты шаралар талқыланды.

    Ең алдымен жаңа үйлердің сатылым бағасы мен сапасына назар аударылып, теңгерімсіздіктер көрсетілді. Шенеуніктерге құрылыс құнын арзандатып, үйлердің сапасын арттыру жөнінде тапсырмалар берілді. Осы мақсатта ұсынысты арттыру үшін көпқабатты үй салу үшін қосымша жер телімін аукционға шығару туралы шешім қабылданды.

    Мемлекет басшысы бұл салада тұрғындар мен құрылысшыларға бірқатар жаңа мүмкіндіктер берілетінін мәлімдеді.

    Биылғы жылы ипотекалық қаржыландыруға барлық көздерден 22,5 триллион сум бөлінеді. Атап айтқанда, ипотекалық несиеге 10 триллион сумға жуық, 20 мың табыс көзі төмен отбасына бастапқы жарна мен пайыздық төлемдерді жабуға 2,3 триллион сум беріледі.

    Мердігер ұйымдардың айналым қаражатын арттыруға 500 миллиард сум ресурс бөлінеді. Бұл ретте жеңілдікті несиелер жылдық 16 пайыздық мөлшерлемемен 12 айлық жеңілдікпен 18 айға беріледі.

    Банктер де осы мақсаттарға өз қаражаттарын салады.

    Құрылыс жұмыстарына және тұрғындарға баспана сатып алуға қосымша жеңілдіктер жасалады. Атап айтқанда, 5 қабатты үйлер құрылысына «қанағаттанарлық» және 9 қабатты үйлерге «орташа қанағаттанарлық» рейтингіне ие мердігерлер тартылады. Бұл қосымша 2 мыңға жуық мердігерге жол ашады.

    Тұрғын үй құрылысына «жасыл» стандарт енгізіледі. Оның негізінде салынған үйлерге несие мердігерлерге бір пайыз төмен мөлшерлемемен, яғни жылдық 15 пайызбен беріледі.

    Кәсiпкерлiк компания мердiгерлердiң несиелерiне кепiлдiк беруге және пайыздық шығындарды жартылай жабуға 200 миллиард сум бөледi. Тұрғын үй құрылысына арналған арнайы техниканы әкелуге кедендік жеңілдік тағы бір жылға ұзартылады.

    Бұдан былай ипотекалық несиелер бойынша тұрғын үйді сақтандыру талабы алынып тасталды.

    Кедейлікпен күресу бағдарламасына енген және түратын жері нашар отбасыларға «махалла жетілігі» ұсынысы негізінде, өз аулаларында үй салу және жөндеу үшін 120 миллион сумға дейін ипотекалық несие бөлінеді. Бұл ретте несиенің 15 пайызы және алғашқы бесжылдықтағы пайыздық мөлшерлеменің 6 пайызға дейіні бюджет есебінен өтеледі.

    Ипотекалық несиені қайта қаржыландыру компаниясы бұл мәселеде халыққа көмектесуде маңызды рөл атқарады. Кейінгі үш жылда оның несие қоржыны 3 триллион сумнан асты. Бұл компанияның жарғылық капиталын 100 миллион долларға дейін ұлғайтып, шетел қаржысын тартуды кеңейту міндеті қойылды.

    Жиында «Жаңа Өзбекстан» массивтерін құру мәселесі де қаралды.

    Бүгінде өңірлерде 38 массивтің құрылысы басталған. Биыл тағы 17 массив салу жоспарлануда.

    Бірақ кей жерлерде кешігу жағдайлары бар. Мысалы, Сұрхандария, Әндіжан, Ташкент, Самарқанд, Сырдария облыстарында құрылыс жұмыстары ақсап тұр.

    Сондықтан массивтің әр бөлігіндегі мекенжай тізімін бекітіп, құрылыс жұмыстарын жеделдету жөнінде тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысы басты талаптар ретінде сапа, уақыт және бағасы екенін атап өтті.

    Кейбір алаяқ құрылысшылардың сатып алушылардың сенімін жоққа шығарып жатқанын айта келе, үлестік тұрғын үй салуда халықты қорғау жүйесін күшейту қажет екендігі айтылды. Сондай-ақ жер аукционына қатысатын құрылыс және мердігер ұйымдардың қаржылық мүмкіндіктеріне ең төменгі талаптарды енгізу туралы шешім қабылданды.

    Кейбір аудандардағы ескі үйлер күрделі жөндеуден өтіп, тұрғындарға заманауи жағдай жасалуы керек екені айтылды.

    Премьер-Министрдің орынбасары мен облыс әкімдері құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру жоспарлары туралы ақпарат берді.