“Uzbekistan GTL-да” жұмыс істейтін кадрларды дайындайтын шетелдік ЖОО-ның филиалы ашылады

    Нақты 1 Fevral 2022 1425

    Өзбекстанда Қазақстанның Атырау университетінің филиалын ашу жоспарлануда. Бұл мәселе Ақтауда (Қазақстан) Өзбекстан бас консулы Отабек Турсунбековтың университет басшылығымен және ұжымымен кездесуінде талқыланды.

    Отабек Турсунбековтың айтуынша, Өзбекстанда мұнай-газ саласын дамыту мақсатында өткен жылдың декабрь айында Қашқадария облысының Ғузар ауданында құны 3,42 миллиард доллар болатын «Uzbekistan GTL» синтетикалық отын шығаратын зауыт іске қосылған.

    Аталмыш кәсіпорында әр жылы жалпы құны 1 миллиард доллардан астам импорттың орнын басатын мұнай өнімдері мен көмірсутектерді өндіру жоспарланған.

    Сондықтан мұнай-газ саласын кәсіби мамандармен қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан тарапы шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу мәселесін қарастыруда.

    Қазақстандық тарап Қаршы қаласында университеттің филиалын ашуға қызығушылық танытты. Тараптар осы мәселе бойынша жұмысты бастауға келісті.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates