UZTELECOM «Space Technology Conference-2022» халықаралық конференциясына қатысты

    Астанамызда алғаш рет өтіп жатқан «Space Technology Conference-2022» халықаралық конференциясына «Узбектелеком» АҚ да қатысуда.

    Орталық Еуразия елдерінің ғарыш агенттіктері мен тиісті ұйымдары қатысып жатқан конференцияда бірқатар жобалар, болашақ идеялар, соның ішінде спутниктік байланыс жүйесін дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқылануда.

    Бүгін аталмыш конференцияда «Узбектелеком» АҚ бас директорының болашақты дамыту және инновациялар бойынша орынбасары Акмал Арифджанов баяндама жасады.

    Онда «Узбектелеком» Компаниясы халықаралық байланыс ұйымдарымен бірлесе отырып телекоммуникациялық жобаларға белсенді қатысуын, шетелдік операторлармен және телекоммуникация жабдықтарын өндірушілермен, екіжақты ынтымақтастық байланыстар, сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағымен (ХЭО), Аймақтық электр байланыс одағымен (АСМХ) және “Intelsat” спутниктік байланыс ұйымымен белсенді ынтымақтастық жүргізіп жатқаны айтылды.

    Айта кету керек, компанияның жергілікті телекоммуникация желісі заманалық технологияларға негізделген және ол тұрақты жаңартылып отырады.

    2022 жылға қарай компания әлемнің 107 елдегі 174 халықаралық оператормен роумингтік байланыс орнатты. Сонымен қатар, UZTELECOM ұялы байланысының абоненттеріне әлемнің 100-ден астам елінде роуминг қызметі көрсетіледі.

    «Узбектелеком» АҚ сымды телефон байланысы саласында 30-ға жуық халықаралық операторлармен бірлесіп халықаралық коммутациялық желілер арқылы халықаралық телефон байланысын жүзеге асырады.

    Сондай-ақ компания бас директоры орынбасарының сөзінде «Узбектелеком» АҚ-ның қатысуымен құрылған «Uz-Sat» компаниясының жаңа мүмкіндіктері атап өтілді.

    Компанияның негізгі қызметі елдегі мобильді спутниктік қызметтерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған жылжымалы спутниктік телефонияны қамтамасыз ететін жеке VSAT желісін құруға бағытталған.

    Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру негізінде Өзбекстанның бүкіл аумағында, соның ішінде жету қиын болған аймақтарда, сондай-ақ мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы ғылыми-зерттеу салаларында (өндіріс, мониторинг, есепке алу) спутниктік интернет және телефония қызметтері көрсетіледі.

    Жоба аясында шетелдік операторлар – Thuraya, Inmarsat, Globalstar, Iridium, Orbcom, Viasat, OneWeb, StarLink, тағы басқа да спутниктік операторлармен бірлесіп Интернетке қосылу қызметтерін, спутниктік телефония қызметтерін, көлік құралдарының жылдамдығы мен бағытын бақылау қызметтерін ұсынады.

    Жоғарыдағы мақсатқа жету үшін «Узбектелеком» АҚ телекомуникация тармағы арқылы шетел инвестицияларын тартып, халықаралық желілерге қосылу жолымен спутниктің жер үсті станциясын (орталық жер үсті станциясы) салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Узбектелеком» АҚ баспасөз қызметі.

    Айта кету керек, «Узбектелеком» АҚ өз қызметін жалғастыра отырып, тұрақты көрсете алатын қызметтер аясын кеңейтуге ұмтылады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates