Бұл туралы “Дунё” ақпараттық агенттігі хабарлады.

Сұхбат барысында елші Өзбекстанда саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар, демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған іс-әрекеттер туралы айтылды. Ол Өзбекстан Президентінің атынан Рим Папасына шын жүректен сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Рим Папасы Лев XIV Өзбекстан Президенті мен халқына терең құрметін білдірді. Ол Өзбекстан мен Ватикан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 33 жыл ішінде түрлі ұлттар мен дін өкілдері арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған мықты ынтымақтастық әлеуеті қалыптасқанын айтты.

Сондай-ақ, ол Самарқанттың Шығыс пен Батыс әлеміне ықпал ететін философиялық және діни ой-сана орталығы ретіндегі маңыздылығына ерекше назар аударды. Өзбекстан дәстүрлі түрде дінаралық татулық пен бауырмалдық қағидаларын алға тартып келеді, бұл жөніндегі халықаралық бастамаларды белсенді түрде қолдап-қуаттайтыны айтылды.

Кездесу соңында Рим Папасы Лев XIV өзбек халқының гүлденуі үшін дұға етіп, Өзбекстан мен Ватикан арасындағы достық пен сындарлы ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсуін тіледі.

Айта кетейік, Фаррух Турсунов Өзбекстанның Испаниядағы елшісі. 2024 жылдың 9 апрель күні дипломат Испания Королі VI Фелипеке сенім грамотасын тапсырған.

Сонымен қатар, дипломат Өзбекстанның Андоррадағы елшісі саналады. 2025 жылдың 11 март күні ол Андорраның тең төрағасы, Франция Президенті Эммануэл Макронға сенім грамоталарын тапсырған.