Венгрияның Лакителек қаласында Әлішер Науаидың бюсті орнатылды

    Өзбекстан елшілігінің бастамасымен Венгрияның Лакителек қаласында ұлы ақын және ойшыл, мемлекет қайраткері Әлішер Науаиға арнап қойылған бюсттің ашылу салтанаты өтті.

    Бұл туралы "Дунё" AA хабарлайды.

    Айта кету керек, бұл бюст Венгрия-Өзбекстан дипломатиялық қарым-қатынастары тарихында Өзбекстанға арнап Венгрияда ашылған алғашқы мәдени ескерткіш саналады. Бұл жобаны венгриялық мүсінші Дёрджи Лантос жүзеге асырды.

    Ашылу салтанатына Өзбекстан Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Авазхан Тажихонов, еліміздің Елшісі Ойбек Шахавдинов, Өзбекстанның халық ақыны Усман Азим, Алишер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиетінің ректоры Шухрат Сирожиддинов, Өзбекстанға қызмет көрсеткен өнер қайраткері Илияс Арабов және т.б. қатысты.

    Шараға Венгриядан 100-ден астам қонақтар, сондай-ақ осы елдің парламенті спикерінің орынбасары Шандор Лежак, Сыртқы істер және сауда министрлігінің қауіпсіздік саясаты бойынша мемлекеттік хатшысы Питер Страрай, Мәдениет және иновациялар министрлігінің мәдениет мәселелері бойынша мемлекеттік хатшысы Магдольна Завогья және саяси, мәдени ортаның өкілдері, ғалымдар, журналистер, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

    Ең алдымен жиналғандар Науаи бюстіне гүл шоқтарын қойды.

    Мәдениет министрінің бірінші орынбасары Авазхан Тажихонов өз сөзінде соңғы жылдары Өзбекстан Президентінің тікелей бастамаларымен Әлішер Науаидың бай шығармашылық мұрасын терең зерттеу, оның өлмейтін шығармашылығын елімізде және шетелдерде кеңінен насихаттау, оның есімін мәңгі сақтауда үлкен істер атқарылып жатқанын атап өтті.

    Сондай-ақ, түркі әлемінің ғылым-білім, мәдениет және өнер салаларындағы дамуға үлес қосқан атақты тұлғаларды марапаттау мақсатында Өзбекстан Президентіның бастамасымен Әлішер Науаи атындағы сыйлық енгізілгені тілге тиек етілді.

    Еске сала кетейік, бүгінде Науаи мүсіндері Токио, Сеул, Шанхай, Вашингтон, Мәскеу, Минск, Астана, Баку, Ашхабад, Душанбе, Ош сияқты қалаларға орнатылған.