«Хазірет Науаиды ұғыну – болмысымызды ұғыну» тақырыбында республикалық байқау өтеді

    «Ұлы ақын, ойшыл Мир Әлішер Науаидың шығармашылық мұрасын елімізде және әлемдік ауқымда кеңінен насихаттау сондай-ақ Науаи облысында «Әлішер Науаи жылын» жоғары деңгейде өткізу жөніндегі іс-шаралары туралы» Президенттің қаулысы (ПҚ-43-санды, 07.02.2025 ж.) қабылданды.

    Қаулыға орай, Әлішер Науаидың туғанының 584 жыл толуына байланысты Науаи облысында 2025 жыл «Әлішер Науаи жылы» деп аталады.

    Науаи облысында Әлішер Науаидың шығармашылық мұрасын тереңдетіп зерттеу және кеңінен насихаттау және «Әлішер Науаи жылын» жоғары деңгейде өткізу жөніндегі республикалық комиссиясы мен іс-шаралар бағдарламасы бекітілді.

    Әлішер Науаи мұрасын зерттеу істерін одан әрі жоғары деңгейге көтеру мақсатында елімізде және шетелдерде жүйелі негізде ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін жариялау, осы тақырыпта жаңа ғылыми, көркем және танымал шығармалар жасау, шетелдегі науаитану ғалымдары мен өнер қаламгерлердің еңбектерін өзбек тілінде басып шығару шараларын қабылдау Республикалық комиссияның негізгі міндеттерінің бірі етіп белгіленді.

    «Әлішер Науаи және Шығыс Ренессансы» дәстүрлі халықаралық симпозиумы мен Науаитану іс-шаралары жоғары деңгейде өткізіледі.

    2025 жылдың 10-15 октябрь күндері Науаи мемлекеттік университетінде «Әлішер Науаи ғылыми-әдеби мұрасының жалпыадами рухани-ағартушылық дамуындағы рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өткізіледі.

    «Хазірет Науаиды ұғыну – болмысымызды ұғыну» тақырыбында республикалық байқау, сондай-ақ білім беру ұйыидары мен махаллаларда «Науаитану кештері» ұйымдастырылады.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates