Владимир Норов «5+1» форматындағы Министрлер кездесуіне қатысты

    2022 жылғы 22 сентябрьде Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясы аясында Орталық Азия елдері мен Америка Құрама Штаттарының «5+1» форматындағы Министрлер кездесуі өтті.

    Шара барысында Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан, Өзбекстан Республикалары және Америка Құрама Штаттарының сыртқы саяси кеңселер басшылары мен өкілдері тараптарды қызықтырған өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

    Орталық Азияның тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында «5+1» форматындағы сауда және инвестициялық қарым-қатынастарды кеңейту жолдары туралы пікір алмасылды.

    Өзбекстан делегациясының басшысы, Сыртқы істер министрі Владимир Норов өз сөзінде «5+1» маңызды диалог механизм болып, оның аясындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруда белгілі жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті. Өзбекстанның Орталық Азия елдерінде ауыл шаруашылығы және тоқымашылық өнеркәсібі салаларында халықаралық стандарттарды енгізу, баламалы транспорт бағыттарын дамыту, «Жасыл күн тәртібін» ілгерілету, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    Тараптар «5+1» аясында жоғары және сарапшылық деңгейде тығыз диалогты жалғастыруға, сондай-ақ іс жүзіндік нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған нақты шараларды қарастыруға келісті.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates