Владимир Норов ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысымен кездесті

    2022 жылғы 16 ноябрьде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов бірқатар ірі халықаралық іс-шараларға қатысу үшін елімізге келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті.

    Кездесуде Өзбекстан мен ЕҚЫҰ арасындағы кең ауқымды ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    Атап өткендей, соңғы жылдары Өзбекстан мен Ұйым арасындағы байланыстар айтарлықтай жанданып, сапа жағынан жаңа деңгейге көтерілді.

    Өзбекстанда 2021-2022 жылдарда ЕҚЫҰ жобаларын жүзеге асыру бойынша 2021 жылдың апрель айында қабылданған Іс жүзіндік іс-шаралар жоспарын (Жол картасы) жүзеге асыру барысы туралы пікір алмасылды.

    Ұйым қызметінің барлық үш бағыты бойынша түрлі бағыттағы жаңа бірлескен жобаларды әзірлеу талқыланды.

    Өзбекстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ делегациясын Өзбекстанның аймақтық саясаты, атап айтқанда, Орталық Азияны қауіпсіздік, тұрақтылық және дәйекті даму аймағына айналдыру, әлемдік экономикалық және көлік қатынастарына интеграциялау туралы егжей-тегжейлі таныстырды.

    Х.Шмид Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың аймақтағы ынтымақтастық пен тату көршілікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі іс-әрекеттерін жоғары бағалады.

    Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға, оның ішінде климаттың өзгеруіне, табиғи ресурстарды пайдалануға, Арал теңізінің экологиялық апатын жоюға байланысты қауіпсіздік қатерлеріне ден қою шараларын күшейтуге ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ, тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдай, ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates