Владимир Норов Джозеф Боррелмен телефон арқылы сөйлесті

    2022 жылғы 4 июльде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша Жоғарғы өкілі Жозеп Борреллмен телефон арқылы сөйлесті.

    Өзбекстан мен Еуропа Одағы арасындағы тараптарды қызықтырған салалардағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

    Биыл елімізде өткізілетін «Еуропа Одағы – Орталық Азия» түріндегі өзара байланыс пен тұрақты дамуды нығайту бойынша министрлер конференциясы мен Еуропа Одағы және Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты мәселелер талқыланды.

    Еуропа тарапының 2022 жылғы 25-26 июльде Ташкентте өтетін Ауғанстан бойынша халықаралық конференцияға қатысуына ерекше назар аударылды.

    Еуропа тарапы Қарақалпақстандағы болған жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу, аумақта бейбітшілікті, тыныштық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар туралы хабардар етілді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates