Сұхбат кезінде Өзбекстан мен Қор арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.
Н.Ламмерт Қор Өзбекстандағы қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүзеге асырылған кең ауқымды реформалар мен жаңаруларды қолдап-қуаттайтынын атап өтті. Азия елдерінің өкілдері үшін қордың жылдық конференциясын өткізетін орын ретінде Ташкент қаласының таңдалуы – соның айқын дәлелі.
Қор басшысы сапары барысында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Сенаты мен Заң шығару палатасында өткен келіссөздердің нәтижелеріне ерекше тоқталды. Осы тұрғыдан алғанда қор мен Өзбекстан парламенті және саяси партиялары арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайту қажеттігі баса айтылды.
Өзбекстан-Германия қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кестесі бойынша ұсыныстар қаралды.
Қор төрағасы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, соның ішінде тәжірибе алмасу және сапарлар ұйымдастыру тәжірибесін жалғастыруға дайын екенін білдірді.
Экономика, экология, ғылыми зерттеу салаларында, заң шығармашылығы қызметін жетілдіру, адам құқықтары мен гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар мен беймемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасылды.
Журналистердiң бiлiктiлiгiн арттыру бойынша ынтымақтастықты жолға қою, Қордың «Жас журналистердi қолдап-қуаттау» және «Кәсіби журналистердi даярлау» бағдарламаларына Өзбекстан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуын ұйымдастыруда өзара мүдделiлiк бiлдiрiлдi.
Келіссөздер барысында аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де талқыланды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.