Airbus A321 нео ұшағы Өзбекстанға жаңа - Абу-Даби - Ташкент - Абу-Даби ұшу бағытын ашты. Экипаж бен жолаушыларды терминалда  салтанатты түрде қарсы алды.

A320/321 ұшақтарымен тұрақты тікелей рейстер аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жүзеге асыру жоспарланған. Бұл бағыттағы билет бағасы бір жаққа 45 доллардан басталады.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың декабрь айынан бастап «WizzAir» Самарқант әуежайына аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері ұшу рейстері жүзеге асырылып келуде.

WizzAir — 2003 жылы ұйымдастырылған Венгрияның арзан  бағалардағы әуе компаниясы. 2022 жылдың июль айындағы жағдай бойынша WizzAir авиапакінің орташа жасы 5,3 жыл болатын 141 Airbus ұшағынан құралған еді.