Халықаралық бағыттарда ұшу географиясы кеңеюде

    2023 жылдың январь-сентябрь айларында Өзбекстан әуежайларында 59 700 әуе кемесі мен 7 290,5 мың жолаушыға қызмет көрсетілді. Бұл туралы Транспорт министрлігі хабарлады.

    Атап өтілгендей:

    – Стамбұл, Дубай, Франкфурт, Сеул сияқты халықаралық әуежайлардан Өзбекстан қалаларына ұшу көлемі күрт артты.

    - Стамбулдан Ташкент, Ферғана, Самарқант, Бұхара және Үргеніш әуежайларына апта сайынғы рейстердің жиілігі 14-тен 64-ке дейін;

    - Дубайдан Ташкент, Ферғана және Самарқант халықаралық әуежайларына апта сайынғы рейстердің жиілігі 6-дан 28-ге дейін;

    - Сеул және Ташкент бағыты бойынша рейстері 8-ден 14-ке дейін;

    - Ташкенттен Франкфурт халықаралық әуежайына рейстер 1-ден 4-ке дейін артты.

    Өзбекстанға келетін шетелдік туристерге қолайлылық пен таңдау жасау мақсатында “Uzbekistan airways” AJ Turkish airlines, Air Baltic, Malaysian airlines, Korean air, Lufthansa, Delta, China Southern airilines әуе компанияларымен Interline және Code Share келісімшарттарына қол қойды.