“Uzbekistan Airways” авиапаркі тағы бір Airbus A320neo ұшағымен толықты

    Көлік 28 Iyul 2023 1720

    2023 жылдың 27 июлінде астана әуежайында кезектегі Airbus A320neo ұшағы салтанатты түрде қарсы алды.

    Uzbekistan Airways әуе компаниясы он тоғызыншы Airbus әуе кемесін қабылдағанын хабарлады. Жаңа әуе лайнер өндірушінің Тулузадағы зауытында Uzbekistan Airways компаниясына тапсырылды. Дәстүрге орай, жаңа ұшақты Ташкент әуежайында су аркасымен қарсы алды. Әуе кемесі стандарт бір класты компоновка тәртібінде 186 жолаушыны тасымалдауға арналған.

    Бүгінгі күні Airbus A320neo өз класындағы ең жақсы орташа қашықтыққа ұшатын ұшақ болып саналады және қауіпсіздік пен сенімділіктің барлық талаптарына жауап беретінін ескертеміз. Ол алдыңғы буын ұшақтарына қарағанда 15%-ға тиімдірек және корбонад ангидрид шығаруы халықаралық стандарттарға сәйкес нормадан 50%-ға аз.

    «Жалпы, біз биылғы жылдың соңына дейін осындай үлгідегі бес ұшақ алуды жоспарлап отырмыз. Бүгін біз екіншісін қарсы алудамыз. Біріншісі Өзбекстанға 16 июньда келген еді, бірден рейстер кестесіне енгізіліп, халықаралық және ішкі бағыттар бойынша сәтті ұшуды бастады», — деді «Uzbekistan Airways» АҚ Басқару төрағасы Шухрат Худайкулов.

    Әуе тасымалына сұраныс жоғары болып тұрған бір кезде жаңа ұшақ бізге уақытты тиімді жоспарлау және жаңа бағыттарды ашу мәселелерін шешуге көмектеседі. Болашақта әуекомпания оларды бизнес класспен екі санатты компоновкаға айналдырумен айналысады. Сондай-ақ, жақын арада бренд ливерияны жаңартуды жоспарлап отыр, сондықтан он сегізінші және он тоғызыншы әуе ұшақтары жеңілдетілген фюзеляжды көрінісінде қабылдануда.

    Әуе компаниясы жаңа ұшақпен Ташкент қаласы мен облыстардан ұшатын әуе қатынауларда пайдалануды жоспарлап отыр. Әуе лайнер BOC Aviation компаниясы ұзақ мерзімді жалға алу негізінде жеткізді.

    Осылайша, әуе компаниясының паркінде 30-дан астам Boeing және Airbus ұшақтары, сонымен қатар екі А-330 және Өзбекстан бойынша рейстерді жүзеге асыру үшін Чехия өндірушісінен сатып алынған, қысқа қашықтыққа ұшатын Л410 ұшақтар бар.

    Әуе кемелерінің санының артуына байланысты әуе компаниясы жаңа ұшқыштар мен бортсеріктерді даярлау бойынша нәтижелі жұмыс атқаруда. «Оқу-жаттығу орталығы» жауапкершілігі шектеулі қоғамның мамандары мен «Uzbekistan Airways» авиакомпаниясының ұшқыш-нұсқаушылары экипаж мүшелерін сапалы оқыту және әуе компанияда жұмыс жүргізу бойынша істер атқарылуда, деп хабарлайды «Uzbekistan Airways» АҚ баспасөз қызметі.

    Жаңа әуе лайнерлерді Uzbekistan Airways басшылығы және қызметкерлері, БАҚ өкілдері, авиаспоттерлер және Ташкент мемлекеттік транспорт университетінің авиациялық көлік инженериясы факультетінің студенттері қарсы алды.