Ханчжоу-2022: Өзбекстан делегациясы үшін күн алтын медальмен басталды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында Пара Азия ойындары жалғасуда. Қол жеткізген нәтижелермен Өзбекстанның спорт делегациясы жалпы командалық есепте үштікте келеді.

    Пара каноэ бойынша ерлер арасында KL3 класында Хасан Қулдашев 42.258 минут нәтижемен алтын, VL3 класс сайысында Хайтмурад Шерқузиев 49.345 минут нәтижемен алтын, Шахноза Мирзаева әйелдер арасындағы KL3 класс сайсында 50.680 минут нәтижемен алтын медальді делегация есебіне қосты.

    Әйелдер арасындағы пара жеңіл атлетикадан найза лақтыру бағдарламасында F13 класында Нозимахон Қаюмова 43.36 метр нәтижемен күміс, Наталья Семёнова F56 класында 17.40 метр нәтижемен күміс медальді жеңіп алды. Сондай-ақ, пара жеңіл атлетиканың F54 класында әйелдер арасында ядро ​​лақтыру бағдарламасына қатысқан жерлесіміз Нұрхан Құрбанова 7.34 метр нәтижемен екінші болып, күміс медальді иеленді.

    Пара жеңіл атлетикадан ерлер арасында Т36 класында ұзындыққа секіру сайсында жерлесіміз Иззат Турғунов өз қатысуын аяқтап, 5.55 метр нәтижемен күміс жүлдені жеңіп алды.