Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның қауіпсіздік органдары мен барлау қызметтерінің басшылары қатысуда.

Алдымен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың мәжіліс қатысушыларына жолдауын Президент құзырындағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы В.Махмудов оқып берді.

Мемлекет басшысы өз жолдауында бүгінде әлемдегі күрделі жаһандық геосаяси жағдай қиындап, дәстүрлі сын-қатерлер мен қауіп-қатерлердің күшейіп, жаңаларының пайда болып жатқан  бір кезде Достастық мемлекеттердің халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша  ұстанымдарын нығайту бұрынғыдан да қажет екені айтылған.

 Шарада қатысушылар заманауи қауіптер мен қатерлер туралы пікір алмасып, ТМД елдерінің барлау қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша алдағы міндеттерді талқылады.

Кездесу соңында делегация басшылары аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықтың нақты міндеттері мен басым бағыттарын белгілеп алу көзделген.