– «Өзбекстан – 2030» стратегиясы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасын өзара байланыстыру жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасы;

– Мәдени орталықтар құру туралы келісім;

– Медициналық қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.

Бұдан бөлек, сапар аясында төмендегі келісімдерге де қол қойылды:

– Өзбекстанға земснарядтар (техникалық кемелер) жеткізу жобасының екінші кезеңін жобалау жөнінде келісім;

– Техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім;

– Сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

– Өзбекстаннан Қытайға қауын мен бадам экспорттау кезінде фитосанитарлық талаптар туралы келісім;

– Ғарыш ғылымдары, технологиялары және ғарыштық қызмет нәтижелерін бейбіт мақсатта пайдалану бойынша ынтымақтастық туралы келісім;

– Бәсекелестік саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

– Адам ресурстарын дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісім;

– Цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты күшейту жөніндегі келісім;

– Самарқанд облысы мен Тяньцзинь қаласы арасында әріптестік қатынастар орнату туралы келісім;

– Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қытай халықаралық саудаға жәрдемдесу кеңесі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.