– «Өзбекстан – 2030» стратегиясы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасын өзара байланыстыру жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасы;
– Мәдени орталықтар құру туралы келісім;
– Медициналық қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
Бұдан бөлек, сапар аясында төмендегі келісімдерге де қол қойылды:
– Өзбекстанға земснарядтар (техникалық кемелер) жеткізу жобасының екінші кезеңін жобалау жөнінде келісім;
– Техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім;
– Сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
– Өзбекстаннан Қытайға қауын мен бадам экспорттау кезінде фитосанитарлық талаптар туралы келісім;
– Ғарыш ғылымдары, технологиялары және ғарыштық қызмет нәтижелерін бейбіт мақсатта пайдалану бойынша ынтымақтастық туралы келісім;
– Бәсекелестік саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
– Адам ресурстарын дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісім;
– Цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты күшейту жөніндегі келісім;
– Самарқанд облысы мен Тяньцзинь қаласы арасында әріптестік қатынастар орнату туралы келісім;
– Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қытай халықаралық саудаға жәрдемдесу кеңесі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.