Хиуада — тағы бір беделді халықаралық конференция өтеді

    Үстіміздегі жылдың 13-15 сентябрі күндері Ташкент, Хиуа және Нөкіс қалаларында дәстүрлі Мәдени мұра апталығы аясында бірқатар шаралар өткізілуде.

    Сонымен қатар Хиуа қаласында «Орталық Азия әлем цивилизациялары қиылысында» атты халықаралық мәдени форум, ТУРКСОЙ мемлекеттері мәдениет министрліктері тұрақты кеңесінің жиналысы және мәдени мұрасы мәселелері бойынша ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықта Халықаралық мәслихат комитетінің І жиналысы өтеді.

    Мәдени шараларға қатысушы қонақтар Үргеніш халықаралық аэропортында күтіп алынды.Форум қатысушылары үшін Ишанқалъаның тарихы жәдігерліктеріне саяхаттау және театрларды тамашалауы ұйымдастырылған, деп хабарлады Мәдениет министрлігінің ресми телеграм каналы.

    Кеше кешқұрым Көне арк алаңында «Хиуа — түркі әлем мәдениетінің астанасы» деп аталған үлкен бағдарламалық концерті өтті.