Хиуада Мас-рестлинг бойынша Азия ашық чемпионының алғашқы жеңімпаздары анықталды

    Спорт 21 Iyun 2021 1335

    Осы күндерде көне Хиуа қаласында Мас-рестлинг бойынша Әлем кубогының 1-басқышы Азия ашық чемпионаты өтуде. Кеше жарыстың алғашқы жеңімпаздары анықталды.

    Қуанарлық жайт, Мас-рестлинг спорты тарихында алғаш рет өзбекстандық спортшы Азия ашық чемпионатында 1-орынды иеледі. Мұндай бақытқа жерлесіміз Абдулазиз Абдурахмонов қол жеткізді.

    Сонымен қатар жарысқа ерлер арасында 60, 75, 90 және 125 килограмм салмақ категориясында, әйелдер арасында 55, 78, 85 килограмм салмақ категориясында жеңімпаздар анықталды.

    Ескертеміз, аталмыш спорттық шараны Туризм және спорт министрлігі, Өзбекстан бодибилдинг, фитнес және Мас-рестлинг федерациясы, Халықаралық Мас-рестлинг федерациясы, Өзбекстан Мас-рестлинг федерациясы және Спорттың қысқы және күрделі техникалық түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің ынтымақтастығында өткізілуде, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates