Жарлыққа сәйкес, төмендегілер осы Жарлықтың негізгі мақсаты болып белгіленді:
- махаллаларда әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету және денсаулығын нығайту орталықтарының (Орталықтар) қызметін кеңейту;
2026–2027 жылдары «ҲАМРОҲ» Әйелдердің кәсіпкерлігін қолдап-қуаттау компаниясы» ЖШҚ (Компания) тарапынан:
- 6 мыңға жуық әйелді кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруға 2 триллион сум бөлу;
- 2,8 мың әйелді кәсіпкерлікке оқыту;
- 2 мың жуық әйел-қыздардың кәсіпкерлік қызметіне серіктестік негізінде көмектесу.
Аудан (қала) әкімдіктері тарапынан ұйымдастырылған Орталықлар тиісінше Қарақалпақстан Республикасы Отбасы және әйел-қыздар комитеті, облыстар мен Ташкент қаласы отбасы және әйел-қыздар басқармалары тарапынан тігіншілік, кулинария, фитнес, шейпинг, әйел-қыздарды кәсіпке оқыту сияқты қызметтерді ұйымдастыру үшін жалға беріледі.