Шавкат Мирзияев пен Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлесті

    Сайлау 27 Oktabr 2021 7997

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 27 қазанда Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті.

    Әңгімелесу басында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Шавкат Мирзияевті Өзбекстандағы Президент сайлауының сәтті өтуімен және ондағы сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтады.

    Дауыс беру нəтижелері жаңа Өзбекстанның даму стратегиясын жəне шетелдік əріптестермен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сыртқы саясатты халықтың кең қолдауын тағы бір рет паш еткені атап өтілді.

    ҚХР Төрағасы Өзбекстан басшысына сәттілік пен жаңа табыстар, ал достас Өзбекстан халқына амандық пен гүлдену тіледі.

    Мемлекет басшылары өзбек-қытай жан-жақты стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

    Өзара сенімге негізделген диалогтың қазіргі деңгейі, осы жылдың сәуір айындағы келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес екіжақты қарым-қатынастардың дамуы және өзара алмасулардың жанданғаны сөз болды.

    Өзбекстан Республикасының Президенті саяси салада «Біртұтас Қытай саясатын» және «үш зұлым күшке» – терроризм, экстремизм және сепаратизмге қарсы табанды күрес жүргізуді үнемі қолдайтынын білдірді.

    Сондай-ақ коронавирустық індетпен күресте, соның ішінде вакциналарды дер кезінде жеткізуге және олардың бірлескен өндірісін жолға қоюға көрсетілген үлкен практикалық көмек үшін алғыс білдірді.

    Төраға Си Цзиньпин өз кезегінде Қытай Өзбекстанның егемендігін, тәуелсіздігі мен аймақтық тұтастығын, елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламасын қызу қолдайтынын атап өтті.

    Сауда-экономикалық салада басшылар тауар айналымының айтарлықтай өскені айтылды. Қытай нарығына қажетті өнімдерді, әсіресе ауылшаруашылық өнімдерін ілгерілету мақсатында биыл қараша айында Шанхайда өтетін төртінші халықаралық импорттық тауарлар көрмесіне Өзбекстан белсенді түрде қатысады деп келісілді.

    Бес жылдық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасын дайындау, стратегиялық маңызы бар жобаларды, оның ішінде инновация, жасанды интеллект, цифрлық технология және электронды коммерция салаларын енгізуге ерекше назар аударылды.

    Кедейлікті қысқарту бойынша тәжірибе мен білім алмасу маңызды бағыт ретінде белгіленіп, осы айда екі елдің құзырлы органдары қол қойған меморандумды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуде.

    Өзбекстан мен Қытай басшылары «Бір жол, бір белдеу» бастамасы аясында Қытайды біздің өңірмен байланыстыратын және еуразиялық трансшекаралық транзиттік дәлізді қалыптастыратын тиімді көлік бағыттарын дамыту қажеттігін айтты.

    Ғылым мен білім, денсаулық сақтау және вакцинация, спорт, туризм, мәдениет және басқа да салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндіктер бар екені айтылды.

    Президент Шавкат Мирзияев әріптесі әрі достас Қытай халқына 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарында сәттілік тіледі.

    Осы жылдың соңына дейін Өзбекстан-Қытай үкіметаралық комитетінің кезекті отырысын өткізу, сондай-ақ дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын мерекелеудің бірлескен бағдарламасын дайындауға келісілді.

    Өзбекстан Президенті мен Қытай Халық Республикасының төрағасы халықаралық күн тәртібі мен аймақтық ынтымақтастық мәселелері жөнінде де пікір алмасты.

    Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Қытай көшбасшысы ұсынған Жаһандық даму бастамасын қолдады.

    Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ-ның басқа институттары аясындағы тығыз диалогты жалғастыруға келісілді.

    Қытай басшысы Өзбекстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуін толық қолдады.

    Сұхбат барысында Президенттер Ауғанстанда тұрақты бейбітшілік орнату мен экономикалық дамуды да сөз етіп, ауған халқына көмек көрсету мақсатында ШЫҰ және басқа да форматтар аясында диалогты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

    Әңгімелесу соңында Президент Шавкат Мирзияев пен Төраға Си Цзиньпин достас халықтарымыз бен елдерімізге бейбітшілік, амандық пен өркендеу тіледі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates