ХХХII жазғы Олимпиада ойындарындағы ту көтерушілеріміз өзгерді

    Спорт 23 Iyul 2021 1736

    Санаулы сағаттардан соң Жапонияның Токио қаласында ХХХII жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталады.

    Соңғы сәтте еліміз спорт делегациясы ту көтерушілер өзгерді. Өйткені ертең Бобоусмон Батуров рингке шығуы керек. Қауіпсіздік тұрғысынан ашылу салтанатына қатысатын әрбір адам шарадан бірнеше сағат алдын стадионға жетіп келуі, жиын барысында тік аяқта тұруы, тексерулерден өту қажет. Бұл спортшыларды шаршатып қоюы мүмкін. Осыны ескеріп, еліміздің делегация басшылығы ту көтерушілерді өзгертті шешті. Бобоусмонның орнын өзбек боксының мақтанышы Баходир Жалолов иеледі.

    Өз кезегінде 25 июль күні сайысқа түсетін Оксана Чусовитина да өзінің соңғы олимпиадасына шынайы дайындық көру мақсатында өз орнын босатты және спорт гимнастикасы аңызын Нигора Турсунқулова алмастырды. Ашылу салтанаты Ташкент уақытымен сағат 16:00- де старт алады. Оған қатысатын мемлекеттердің маршы ерекше маңызға ие. Парадта бірінші болып заманалық Олимпиада ойындарының негізін қалаушы саналатын Греция мемлекетінің өкілдері шығады. Содан соң қонақ мемлекеттер әліпби бойынша жалғасып “Олимпиада стадионына” шығады.

    Өзбекстан аты жапон әліпбиінің алдыңғы қатарында, реттік сан бойынша 25-орынды иелеген.