Жарлыққа сәйкес, Өнеркәсіп, радиация және ядролық қауіпсіздік жөніндегі комитет (Комитет) төрағасы мен оның орынбасарларына 2025 жылы мынадай басым міндеттер жүктелді:

• өнеркәсіп, радиация және ядролық қауіпсіздік, сондай-ақ демалыс саябақтарындағы аттракциондарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын қайта қарау;

• өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қашықтан бақылау механизмін енгізу;

• өнеркәсіп, радиация және ядролық қауіпсіздік туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту.

Тау-кен өнеркәсібі және геология саласын бақылау инспекциясының металлургия саласындағы қауіпсіздікті бақылау функциясы Комитетке беріледі.

Инспекция құрылымындағы Бекабад тау-кен техника инспекциясы таратылатын болады.

Комитет құрылымында мынадай инспекциялар құрылады:

• Науаи өнеркәсіп қауіпсіздігі инспекциясы;

• Алмалық өнеркәсіп қауіпсіздігі инспекциясы;

• Бекабад өнеркәсіп қауіпсіздігі инспекциясы;

• Темір жол өнеркәсіп қауіпсіздігі инспекциясы.

2025 жылдың соңына дейін "Бірыңғай интеграцияланған экожүйе" ақпараттық жүйесі іске қосылады.

2025 жылдың 1 июлінен бастап өнеркәсіп, радиация және ядролық

қауіпсіздік саласындағы құқықбұзушылықтар үшін заңды тұлғаларға айыппұл салу тәртібі енгізіледі.