Жол инфрақұрылымын дамыту және көлік қозғалысына қолайлылық жасау – тұрақты жүріп жатқан үдеріс. Бұл, әсіресе, халқының саны өсіп, аумағы кеңейіп келе жатқан Ташкент үшін өзекті мәселе.

Кейінгі жылдары Жаңа Өзбекстан көшесінде саябақ, тұрғын үйлер, университет және Олимпиада қалашығы бой көтерді. Бұл көше болашақта Жаңа Ташкент қаласына апаратын негізгі жолдардың біріне айналады.

Осыған орай, Жаңа Өзбекстан көшесінде ұзындығы 468 метр, ені 25 метр болатын жер асты автокөлік жолы салынды. Ол бір сағатта 10 мыңнан астам автокөлікті өткізу мүмкіндігіне ие.

Тоннельдің үсті көгалдандырылып, «Жаңа Өзбекстан» саябағы мен Олимпиада қалашығы арасында жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысы қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, осы бағытта жобаланған метро желісі үшін де тоннель мен бекет салынды.

Айта кету керек, елімізде іске асырылып жатқан әрбір жобада экологиялық талаптар ерекше ескеріледі. Жаңа Өзбекстан көшесінде салынған жер асты автожолы көліктердің уақытын екі есеге қысқартып, тәулігіне 1 тонна отынды үнемдеуге, атмосфераға тарайтын зиянды газдар көлемін 2 тоннаға азайтуға ықпал етеді.

Мемлекет басшысы жер асты автожолының заманауи стандарттар негізінде ұйымдастырылғанына назар аударды. Осындай кең әрі қолайлы жолдар халыққа жайлылық сыйлап қана қоймай, туризмнің дамуына да үлес қосатыны атап өтілді.