2025 жылдың 6 ноябрь күні Өзбекстан Жазушылар одағында «Янги Узбекстан» және «Правда Востока» газеттерінің бас редакторы, Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген журналисі Салим Донияровтың “Янги Ўзбекистон орзуси” атты кітабының тұсаукесері өтті. Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауымдар, профессор-оқытушылар, студенттер мен жастар және кең жұртшылық қатысты.
Тұсаукесер рәсімін Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы, Өзбекстан халық ақыны Сирожиддин Сайид ашып, кітаптың мазмұны мен мәніне, онда Президент Шавкат Мирзияев тарапынан алға тарптылған Жаңа Өзбекстанды құру идеясына, Үшінші Ренессанстың негізіне, ашық және прагматикалық мемлекеттік саясатты және адам қадірін арттыру қағидаларына жан-жақты жазылғанына ерекше тоқталды.
Елімізде соңғы жылдары жүргізіліп жатқан түбегейлі реформалардың мәні, ең алдымен, адам мүддесін жоғары құрметтеуге бағытталған.
2020 жылдың 25 январынан шыға бастаған «Янги Узбекистон» газеті қысқа мерзімде жұртшылық сеніміне ие болып, жаңа мемлекеттік саясаттың – әділеттілік, ашықтық пен прагматизм қағидаттарын кеңінен талдап келеді. Ұсынылған “Янги Ўзбекистон орзуси” кітабы да сол мақсатқа, жаңа дәуірдегі өзгерістерді, мемлекеттік саясаттың ұстанымдарын жұртшылыққа сипаттайды.
Автордың әлеуметтік-саяси бағыттағы мақалаларында Жаңа Өзбекстанды құру жолында Президентіміздің жүргізіп жатқан реформаларына берілгендігі көрініс тапқан. Мемлекет басшысының саяси ерік-жігерімен басталған, қайтадан жаңғыртқан тарихи өзгерістерді де шебер суреттейді.
Кітапқа енген мақалалар мен сұхбаттар 2020-2025 жылдарда «Янги Узбекистон» газетінде жарияланған. Осыған орай жинақ негізінен екі бөлімге бөлінген: бірінші бөлімде автордың мемлекет және қоғам қайраткерлерімен сұхбаттары берілген, екінші бөлімде Отан мен ұлттың болашағы, беделі мен абыройы жолында асырылған істер терең талданған.
“Янги Ўзбекистон орзуси” кітабында жаңа дәуірдің тынысы, жаңару үдерістерінің мән-мазмұны, халыққа жасалып жатқан мүмкіндіктерді тікелей оқиғалар, мысалдар, аналитикалық көзқарас арқылы айқын бейнеленген.
Суретке түсірген Ҳаким Йўлдошев

















