Жаңа құрылып жатқан үйлер мен оларды сатып алуға қатысты барлық мәліметтер жиналған сайт жасалады

    Цифрландыру 17 Iyun 2021 4733

    Тұрғындар үшін құрылып жатқан үйлердің дислокациясы, бағасы және ипотека несие алу мүмкін болған банктер мен несие шарттары туралы мәліметтерді жинақтаған веб-порталы жасалды.

    Бұл туралы АБКА-да Құрылыс министрлігі мамандары қатысуында өткізілген баспасөз конференциясында мәлімдеді:

    “Қалалар мен ауылдық жерлерде көп қабатты тұрғын үйлерді құруға молжалданған массивтер мен үйлердің үлгілі жобалары жасалды. Құрылыс министрлігі тарапынан тұрғын үйлерді құру мемлекеттік мақсатты бағдарламалары аясындағы тұрғынүйлердің жобалары, олардың дислокациясы (орналасуы), саны , жұмсалатын құрылыс материалдары, бағаны қалыптастыру, көп қабатты тұрғын үй құрылысының бағасы да басқа мәліметтерді өз ішіне қамтыған uy-joy.mc. uz веб- порталы жасалды.

    Сондай-ақ, ипотека несиелерін беру және субсидиялар бөлу тәртібі, тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері, олар тарапынан құрылатын көп пәтерлі үй-жайлар, олардағы пәтерлер саны, алаңы, құны және орналасуы, несие алуға болатын коммерциялық банктер және олар беретін несие шарттары туралы мәліметтерді ұсынатын ipoteka-bozori.uz Ипотека веб-порталы іске түсірілді.

    Бүгінде екі веб-порталдар интеграциялау жолымен бір-бірімен байланыстырылды және азаматтар үшін мәліметтерді алу одан да жеңілдетілді”.