Президент Ташкент облысындағы туристік кешенін барып көрді

    Президент Шавкат Мирзиёев Ташкент облысының Бостандық ауданында салынып жатқан «Ugam River» туристік кешенін барып көрді.

    Өгем өзені бойындағы бұл аймақ бұрын толық пайдаланылмаған, тастақты жер еді. Биыл құны 1 триллион сумнан асатын жоба аясында шамамен 14 гектар аумақта құрылыс басталды. Қазіргі уақытта 17 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Олар 5, 6 және 7 қабатты болып, жалпы 870 пәтерден тұрады.

    Сонымен қатар, 16 коттедж, 3 мейрамхана, 20-дан астам сауда және қызмет көрсету орындары салынады. Балалар ойын алаңдары, жабық бассейн, фитнес және спорт алаңдары, амфитеатр, автотұрақ, автокөлік көпірі, тау және жағалау бойындағы серуен жолдары да салынады.

    Осы мүмкіндіктерімен жаңа кешен жылына 200 мың келушіге қызмет көрсете алады. Бұл ауданның туристік әлеуетін арттыра түседі. Бірінші кезеңде көпқабатты үйлерді алдағы жылдың басында пайдалануға беру жоспарланған.

    Мемлекет басшысы осындай пәтерлердің біріндегі жағдаймен танысты.

    Туристер көбінесе әсем табиғат пен таза ауаны қалайды. Осыған байланысты бар ағаштарға қосымша 20 мың көшет отырғызылады. Заманауи технологиялар арқылы тәулігіне 1 мың текше метр өзен суы қайта өңделеді. Қуаттылығы 2 мегаватт болатын жылу және салқындату жүйесі іске қосылады.

    Президент сала басшыларына аймақты насихаттап, осындай орындарға туристерді тарту жөнінде тапсырма берді.

    Туризм жобаларының арқасында жұмыс орындары көбейіп келеді. Сонымен қатар, халықтың дәстүрлі кәсібін де сақтау қажеттігі айтылды. Мысалы, аудан бал және лимон өсіруге қолайлы. Оларды дамыту табиғи ортаны қорғау тұрғысынан маңызды.



    No date selected
    January 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates